Тоқаев Қызылорда облысының құрылыс саласындағы көрсеткіші жоғары екенін атап өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қызылорда облысының құрылыс саласындағы көрсеткіші жоғары екенін атап өтті © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қызылорда облысындағы өңірлік "Рухани жаңғыру" орталығында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қызылорда облысындағы өңірлік "Рухани жаңғыру" орталығында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына орталықтың негізгі қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Жергілікті бюджет есебінен бой көтерген бұл орталық "Рухани қазына", "Тәрбие және білім", "Атамекен", "Ақпарат толқыны" сияқты бағыттар бойынша жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жөніндегі шаһардың бас жоспары таныстырылды.

Аумағы 1,5 мыңнан аса гектар жерді қамтитын бұл құрылыс алаңына тиісті инфрақұрылымдар жүргізілген. Мемлекет басшысына алдағы уақытта бұл жерде неке сарайы, өрт сөндіру депосы, 900 орындық орта мектеп, тұрғын үйлер, отбасылық медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандар салынатыны жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының құрылыс саласындағы көрсеткіші жоғары екенін атап өтіп, шаһардың өркендеп келе жатқанына тоқталды.

"Қала құрылысына осы саладағы үздік тәжірибелерді қолдану керек. Жаңа теxнология мен құрылыс материалдарын пайдаланып, "Ақылды қала" (Smart City) жүйесінің компоненттерін белсенді түрде енгізу қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети