Тоқаев сенбілікке шығып, Нұр-Cұлтанда ағаш отырғызды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев сенбілікке шығып, Нұр-Cұлтанда ағаш отырғызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы Ботаникалық бақта өткен сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы Ботаникалық бақта өткен сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Елорданың Ботаникалық бағында өткен сенбілікке қатыстым. Елімізді көгалдандыру – табиғатты қорғауға қажетті және қайырымды іс. Осы пайдалы шараға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Елордамыз жайлы және жасыл қалаға айналуы керек", - деп жазған Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде #Birge #JasylQazaqstan ағаш отырғызу бойынша ауқымды акциясы жалғасын табатынын жариялаған болатын. Бүкіл ел бойынша кемінде бір миллион ағаш отырғызылады деген жоспар бар. 

Еске салсақ, 9 қазанда Тоқаев Нұр-Сұлтанды дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде елорданың сыртқы келбетін сынға алып, қалада жайлылық жоқ деп мәлімдеген еді.

"Плиткалар сынып жатыр, асфальт жарылады, ағаш аз, қаланы бақылап, күтіп жүр деген ешқандай сезім жоқ", - деген Тоқаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети