Тоқаев Сочиге ұшып барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Сочиге ұшып барды © facebook.com

Мемлекет басшысы "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Сочиге келді. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Сочиге келді. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Сондай-ақ, "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Биылғы шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады.

Пленарлық сессиядағы Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзін "Хабар 24" телеарнасынан Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен шамамен сағат 20:00 мен 21:00 аралығында көре аласыздар. (нақты уақыты қосымша хабарланады)

Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайларға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері бойынша сөзжарыстар болады.

Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі ІІ Абдалла және Филиппин Президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Биыл "Валдай" халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети