Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сенім мен ашықтыққа құрылған саяси түсіністіктің жоғары екенін атап айтты.

Қазақстан Президенті түрікмен көшбасшысына қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдіріп, оның қазақ-түрікмен қарым-қатынасына қосқан үлесіне тоқталды.

"Киелі түрікмен жеріне табаным тиген алғашқы сәттерден бастап маған көрсеткен құрметіңізге ризамын. Өзінің әсемдігімен көз тартатын Ашхабад қаласына тағы келгеніме қуаныштымын. Менімен бірге үлкен делегация келді. Біздің көптеген перспективалы жобаларымыз бар. Елдеріміз арасындағы әріптестік өте жоғары деңгейде дамып келеді деп ойлаймын. Бұл тұрғыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен өзіңіздің үлестеріңіз зор", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекеттер басшылары екіжақты кездесудің күн тәртібіндегі аймақтағы жағдай, әртүрлі халықаралық формат шеңберіндегі өзара іс-қимылдар секілді ауқымды мәселелер талқылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети