Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Адам құқықтары үшін хартиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен кездесу барысында азаматтық қоғамның перспективалары және құқық қорғау ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Әлеуметтанушы, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуова "Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын дамыту жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. Атап айтқанда, ол аталған тұжырымдаманы жүзеге асыруда әлеуметтік зерттеулердің атқаратын рөлі туралы айтты.

Сонымен қатар кездесуде Қоғамдық кеңестер институтының жұмысы, жоғары оқу орындарына автономия беру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Алматы жоғары басқару мектебінің және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу, жекеменшік институттар мен қор нарығын дамыту мәселелерін қозғады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети