Тоқаев Ұлттық қор қаражатының бір бөлігін алтынға ауыстырудың мақсатын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ұлттық қор қаражатының бір бөлігін алтынға ауыстырудың мақсатын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатының бөлігін алтынға ауыстыру туралы жарлығын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатының бөлігін алтынға ауыстыру туралы жарлығын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2 тамыздағы Жарлығыма сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді. Бұл Ұлттық қордың әлеуетін сақтап, қорғау үшін қажет", - деп жазды Президент Twitter желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Ұлттық қор активтерін әртараптандыру саясатын жүргізу туралы Жарлыққа қол қойған.

"Жинақ қоржынының активтерін стратегиялық бөлу активтерді әртараптандыру саясатын жалғастыруға бағытталған және консервативті бөлуден (облигациялардағы 80 пайыз акциялардағы 20 пайыз) ұзақ мерзімді күтілетін кірістілікті арттыруға бағытталған теңгерімді бөлуге (облигациялардың 60 пайызы, акциялардың 30 пайызы, баламалы құралдардың 5 пайызына дейін және алтынның 5 пайызына дейін) көшуді көздейді", - делінген құжатта.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети