Тоқаев жаңадан тағайындалған Оман сұлтанын құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев жаңадан тағайындалған Оман сұлтанын құттықтады © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оманның жаңадан тағайындалған Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Қазақстан халқының және Өзінің атынан құттықтап, жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты артып отырған мемлекет екенін айта келе, Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің басшылығымен Оманның одан әрі өркендеп, мерейі өсе беретініне сенім білдірді.

"Екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықты келешекте де халықтарымыздың игілігі үшін әрі қарай өрістету мақсатында Сізбен бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенімді қуаттаймын. Сіздің аса жауапты қызметіңіз бен барлық игі бастамаларыңызға мол табыс, ал достас Оман халқына ырыс пен құт-береке тілеймін", - делінген жеделхатта.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети