Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына халықтың сенімін арттыруға бағытталған 16 заң жобасы әзірленгені туралы баяндалды.

Сонымен қатар, саланы білікті кадрлармен толықтыру үшін жүргізілген жұмыстар жайы да айтылды. Жоғарғы Сот төрағасының айтуынша, биыл енгізілген жүйе бойынша судьялардың ішінде кездейсоқ мамандар болмайды. Алдағы 2,5 жылдың ішінде сот жүйесі лайық емес кадрлардан толық тазартылады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жақында бекітілген сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарында көрсетілген сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру және сот жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети