Төреғали Төреәліге қатысты іс тоқтатылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төреғали Төреәліге қатысты іс тоқтатылды

Белгілі әнші Төреғали Төреәліге қатысты іс тоқтатылды. Ол Алматы облысы Көлсай көлдері маңында гид қызметін атқаратын жігітті соққыға жыққан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Төреғали Төреәліге қатысты іс тоқтатылды. Ол Алматы облысы Көлсай көлдері маңында гид қызметін атқаратын жігітті соққыға жыққан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде СДТБТ-да тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады.

ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес, өлім-жітімге байланысты емес, ауырлығы аз немесе орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса әрі келтірілген зиянды түзетсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.

Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал бүгін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети