Төреғали Төреәлімен болған жағдайдан кейін Алматы әуежайының қызметкерлері жазаланды

Төреғали Төреәлімен болған жағдайдан кейін Алматы әуежайының қызметкерлері жазаланды

Төреғали Төреәлімен болған жағдайдан кейін Алматы әуежайының қызметкерлері жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Төреғали Төреәлімен болған жағдайдан кейін Алматы әуежайының қызметкерлері жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

"Алматы әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, ұшақ бортында бөтен адамның жүру дерегіне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша әуежай мен әуекомпанияның бірнеше қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Комитеттегілердің мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайы Авиациялық қауіпсіздік комитеті тексеру бөлімшелерінің инспекторлары Ринат Рахымгереев, Абылай Қырғызбаев пен Шолпан Закирова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 570-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, "Эйр Астана" әуекомпаниясының жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі агент Карина Абдурахипова да жауапкершілікке тартылды. Ол да 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл төлеуі тиіс.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, мұның алдында әуежай өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. Олардың сөзіне қарағанда, Төреғали Төреәлі отбасымен бірге ұшақ салонына кіріп кеткен, алайда ол жолаушы болмаған. Нәтижесінде Алматы - Гонконг рейсі кешіктірілген.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама