03 қазан 2018 16:40

Төреғали Төреәлі ұшаққа билетсіз кірген: Әуежай өкілдері пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі отбасымен бірге ұшақ салонына кіріп кеткен, алайда ол жолаушы болмаған. Нәтижесінде Алматы - Гонконг рейсі кешіктірілген. Бұл туралы Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі әнші Төреғали Төреәлі отбасымен бірге ұшақ салонына кіріп кеткен, алайда ол жолаушы болмаған. Нәтижесінде Алматы - Гонконг рейсі кешіктірілген. Бұл туралы Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін БАҚ-тарда ұшақ бортында бөтен адамның жүргені жайлы ақпарат тарады: 2018 жылдың 13 қыркүйегінде Air Astana әуе компаниясының КС 92 рейсінде Алматы - Гонконг бағытындағы ұшақта вип-терминал арқылы жолаушыларды отырғызу барысында салонда Төреғали Әлихановтың отбасы да болды. Ішінде бала да бар. Әртістің өзі отбасымен бірге салонға кіріп кеткен, бортсерік ол жолаушы болмағандықтан, оны тоқтатпақшы болған. Содан ол бұл туралы бірден командирге хабарлады. Авиациялық қауіпсіздік қызметіндегілер шақыртылған. Командирдің шешімімен тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде рейс 18 минутқа кешіктірілді", - делінген әуежайдың Facebook желісіндегі парақшасында.

ҚР Азаматтық авиация комитетінің өкілдері өз кезегінде жоспардан тыс тексеріс жүргізетін болды.

"ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің өкілдері "Эйр Астана" АҚ әуе компаниясының Алматы - Гонконг рейсі кезінде бортқа бөтен адамдың кіру дерегі бойынша авиациялық қауіпсіздікке қатысты жоспардан тыс инспекциялық тексеріс белгіледі. Тексеріс барысында осы оқиғаның мән-жайы анықталады. Нәтижесі бойынша қажетті шаралар қабылданады", - деп хабарлады комитеттегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети