11 қаңтар 2022 | 23:35

Төрт ай министр болған Мағзұм Мырзағалиев Президентке алғыс айтты

Мағзұм Мырзағалиев. © primeminister.kz

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның энергетика министрі қызметінен босатылғаннан кейін Желіде жазба жариялап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның энергетика министрі қызметінен босатылғаннан кейін Желіде жазба жариялап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін мен энергетика министрі қызметіндегі жұмысымды аяқтадым. Мемлекет басшысына маған артқан зор сеніміне алғыс білдіремін. Сонымен қатар, мұнайгаз және энергетика саласындағы әріптестеріме, ардагерлерге және сарапшыларға осынау қысқа уақытта бірге өнімді еңбек еткені үшін алғыс білдіремін. Болат Ақшолақов - осы салада көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан өз ісінің маманы. Сәттілік пен жетістік тілеймін!", - деп жазды Мырзағалиев Twitter-де.

Айта кетейік, энергетика министрі қызметінде Мағзұм Мырзағалиев 4 ай қызмет етті. 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап ведомствоны Болат Ақшолақов басқарады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанда газ қымбаттауына байланысты жыл басынан бері митингтер болды. Жаңаөзеннен басталған митинг елдің басқа қалаларында жалғасты. Ал 5 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді. Газ бағасы 50 теңге болып белгіленді. Ал кейінірек Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының директоры ұсталғаны хабарланды.

Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная