Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды 11 қаңтар 2022, 17:48

Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Болат Ақшолақов. Фото: primeminister.kz Болат Ақшолақов. Фото: primeminister.kz

Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысында жазылған. 

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша - экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары "Қазақойл" ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры болып еңбек етті.

2003-2006 жылдар аралығында - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, PSA ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды. 2012-2014 жылдары - ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап - AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан айынан бастап - "KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.

"Құрмет" орденімен марапатталған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram