Төрт айдан бері талабы орындалмаған "Алматыгаз" жұмысшылары бас көтерді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Алматыгаз" абоненттік есептеу орталығының 100-ге жуық маманы айлықты көтеруді талап етіп, наразалылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Алматыгаз" абоненттік есептеу орталығының 100-ге жуық маманы айлықты көтеруді талап етіп, наразалылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қала ішіндегі үйлерге көгілдір отынды қосып, ақау шыққан газ құбырын жөндейтін слесарь мен техниктер 90 мың теңге жалақы ай сайын азық-түліктен артылмайды деп қынжылды. Оған қоса жұмысшылар жол шығыны мен құрал-сайманды сатып алу үшін де өз қалтасынан қаражат шығарады екен.

"Бізге төрт ай болды. Осылай жиналамыз. Қоя тұрыңдар дейді. 09.15 Тағы бір ай уақыт беріңдер дейді. Біз бір ай уақыт күтіп шаршадық. Айлығымыз несиемізге жетпейді. Тамақ, бала-шаға бар. Анау-мынау төлейтініміз бар. Жағдайымыз жетпей жатыр. Жолымызға төлемейді. Жеке көлік бермейді. Өзіміздің көлікпен ақша құйып барамыз үйлерге", - дейді слесарь Еламан Жанәбіл.

Тауы шағылған жұмысшылар таңнан қара кешке дейін Алматыдағы үйлерді аралап, газ құбырын жөндейді, тексереді, ақау шықса қалпына келтіреді. Оған қоса сан түрлі құжат толтыру міндеті де осы слесарь мен техниктердің мойнына жүктелген. Қағазбастылықтан шаршаған жұмысшылар жол шығынынан бөлек қажетті құрал-сайманды да өз қаражатымызға сатып аламыз деп кейіді.

Телеарна мәліметінше, үйлеріне көгілдір отын тартқан тұрғындарға қызмет көрсететін мамандар тоз-тозы шыққан ғимаратта отырады. Жұмыс істеуге мүлдем жағдай жасалмаған деп шулаған жұмысшылардың ортасынан осы мекемені басқаратын Qazaq Billing серіктестігінің директоры табылды. Елордадан ат арылтып келдім деген жекеменшік компанияның басшысы жалақы мәселесін екі аптада шешеміз деп ант-су ішті.

"Күн тәртібіне еңбекақыны көтеру, жұмыс істеуге ыңғайлы жағдай жасау мәселесін қойдық. Менің ойымша, 15 күнде нақты шешімдер қабылдай бастаймыз. Барлығы ретретімен болады. Бюджет негізі бөлінген. Бірақ қаржыны қайта бөлу керек болса оны да қарастырамыз", - деді Qazaq Billing компаниясының атқарушы директоры Дмитрий Махров.

Төрт айдан бері талабымыз орындалмады деген жұмысшылар түйіткілдің түйіні 15 күнде тарқайды дегенге сенбейді. Газ мамандары уәде етілген мерзімде маңдай тер ақымыз көтерілмесе аштық жариялап, наразылық шарасын жалғастырамыз деп тарқасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro