13 қараша 2020 17:03

"Төрт литр қан жоғалтқан". Алматыда дәрігерлер жүрегіне пышақ сұғылған ер адамды құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері жүрегі мен өкпесіне пышақ сұғылған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері жүрегі мен өкпесіне пышақ сұғылған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматылықтың айтуынша, ол танысымен жанжалдасып қалған. Ер адам ауруханаға өте ауыр жағдайда, жүрек маңындағы үлкен жарасы қансырап, тыныс алуы қиындаған күйде, қан қысымы төмендеп және тахикардиямен жеткізілген.

"Мұндай жағдайларда науқасқа тез көмектесу өте маңызды, әр минут санаулы. Ер адам дереу операция бөлмесіне жеткізілді. Хирургтер тобы торакотомия операциясын жасады. Бұл кеуде қуысын ашу, жүрек жарасын тігу және сол жақ өкпенің жарақаттарына хирургиялық араласу. Ол шамамен төрт литр қан жоғалтқан. 

Операция кезінде науқасқа 11 доза қан мен плазма құйылды", - деді бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары Оңласын Ибекенов.

Ер адам оныншы күні қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

Ақпаратқа сәйкес, күнделікті өмірде жүрек жарақаттары сирек кездеседі, одан 70-80 пайыз адам көз жұмады екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети