Төрт мыңға жуық қазақстандық әскерге жөнелтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрт мыңға жуық қазақстандық әскерге жөнелтілді © ҚР Қорғаныс министрлігі

Төрт мыңға жуық қазақстандық әскерге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрт мыңға жуық қазақстандық әскерге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде күзгі шақырылым аяқталды. Жақында ғана 30212 әскери бөлімі Гвардейск кентінің оқу-жаттығу орталығына Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан 45 шақырылушы жөнелтілді. Бүгін дәл осы бағытта 50-ге жуық бозбала Петропавлдан аттанады.

"30212 әскери бөліміне жіберілгендер 17 қала мен облыс аудандарынан іріктелініп алынған. Әрқайсысының жоғары моральдық-іскерлік қасиеттері, орта-арнаулы білімі, "В", "С" санатындағы жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша шектеулері жоқ. Мерзімді қызмет өткеру үшін шақырылым басталғалы бері Департамент 270 шақырылушыны жіберді", - деп хабарлады ведомство.

Сарбаздарды әскерге жөнелту 19 қазанда басталды. Сол сәттен бастап күн сайын жекелеген әскери команда болып бозбалалар еліміздің түкпір-түкпіріне жіберілді. Әскерлерге соңғы жөнелту ертең, 7 қарашада өтеді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қазанда басталды. Шақырылуға 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса ер азамат жатады. Олардың 4 мыңға жуығы Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне, 2 мыңға жуығы ҰҚК Шекара қызметіне, 6 500-ден астамы ІІМ Ұлттық ұланына және 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді қызмет өткеру үшін бөлінді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети