Төрт облыста Антикоррупциялық департамент басшылары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрт облыста Антикоррупциялық департамент басшылары тағайындалды © vesti.karelia.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Төрағасы Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Төрағасы Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Нұрлан Дәулетұлы Қамбатыров тағайындалды. Қамбатыров Нұрлан Дәулетұлы 1970 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік университетін бітірді. 1993-2004 жылдары Жамбыл облысы ішкі істер органдарында әскери қызметін өтеді. 2004 жылдың маусымы-2010 жылдың ақпаны аралығында Жамбыл облысы бойынша ЭҚСЖКД (қаржы полициясы) бөлім бастығы, басқарма бастығы, департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың ақпаны-2011 жылдың шілдесі - Қызылорда облысы бойынша ЭҚСЖКД (қаржы полициясы) бастығы лауазымында болды. 2011 жылдың шілдесінен бастап - Оңтүстік Қазақстан облысы ЭҚСЖКД (қаржы полициясы) бастығы қызметіне тағайындалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Мақсұт Ибрайханұлы Нәлібаев тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Данияр Бекбергенұлы Үсенов тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Елдос Әлиханұлы Сағиев тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети