Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте Алматыдағы жаңа қаулыны түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте Алматыдағы жаңа қаулыны түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Төртінші толқын қаупі төніп тұр, оған дельта штамы себеп, оны үнді штамы деп те атайды. Біз "жасыл" аймаққа өткенде ауру көрсеткіші тәулігіне 100 жағдайға дейін төмендеді, бірақ жаңа штамдарға байланысты күрт өсті. Үнді штамының басқа мутацияланған штамдармен салыстырғанда патогенділігі жоғары. Осыған байланысты қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр болдық", - деді Бекшин.
Қоғамдық тамақтану нысандары қызыл аймақ талаптары бойынша жұмыс істеуі тиіс, сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Жұмыс күндері толымдығы 50 пайыз, бірақ 30 орыннан аспауы тиіс, ал сенбі мен жексенбі күндері тыйым салынады. Бірақ жеткізу қызметіне рұқсат етіледі. Ал Ashyq қатысушылары түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істей алады, оларда толымдық 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес.
Ashyq-қа қатыспайтын банкет залдары жұмыс істей алмайды. Ал Ashyq мүшелері түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істейді, бірақ адам саны 3-дан аспауы тиіс. Еске алудан басқа ұжымдық іс-шараларға тыйым салынады.
Моншалар барлық күні жұмыс істейді. Сауналар, спа-орталықтар, бассейндер тек жұмыс күндері істейді. Ал Ashyq мүшелері өз режимі бойынша.
Кинотеатрлар мен театрларға тыйым салынады. Тек Ashyq жүйесімен толымдығы 30 пайыздан артық болмаған жағдайда жұмыс істеуге болады.
Бильярд, компьютерлік клубтар Ashyq-сыз жұмыс істемеуі керек.
Еске салайық, Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин 26 маусымда жаңа қаулыға қол қойған болатын. Қаулыға сәйкес қалада жаппай бетперде тағу режимі енгізіледі. Ереже 28 маусымнан бастап күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!