Төтенше жағдайға арналған тікұшақ әр облыста болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайға арналған тікұшақ әр облыста болады ©Марат Әбілов

2014 жылдың соңына дейін Қазақстанның әр облысында төтенше жағдай кезінде адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге арналған тікұшақтар пайда болады. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Апат медицинасы орталығы" ММ директоры Ержан Ысқақов "Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мен ұйымдастырудың инновациялық технологиялары" атты конференцияның сыртындағы әңгіме барысында айтты. 

"Қажет болған жағдайда "112" қызметі мен санитарлық авиацияның диспетчерлік қызметі арқылы жол-көлік оқиғасы орнына немесе аудандық ауруханаларға тікұшақ шақырта аламыз. Қазір республика бойынша 16 тікұшақ бар", - деді Ысқақов.

Ол шұғыл көмек көрсету үшін әр облыста бір-бір тікұшақ болатындай етіп арнайы схема жасалып жатқанын айтты. "Қону, қоныс ауыстыру орындары, тікұшақ тұрақтары ойластырылып жатыр, өйткені қалай болғанда да бұл техника ғой, күтімді қажет етеді. Жылдың соңына дейін әрбір облыс орталығында төтенше жағдайлар немесе жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерді тасымалдауға арналып, қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандырылған арнайы тікұшақ болады деп ойлаймын", - деді Апат медицинасы орталығының басшысы.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстанда құтқару авиациясы құрылған болатын. 16 тікұшақтың 14-і - ЕС-145, екеуі - аса күрделі ұшуларға арналған К-32. Олардың бәрі медициналық жәрдем көрсетуге және апатты-құтқару жұмыстарын жүргізуге әдейі жабдықталған. 2013 жылы аса ірі оқиғалар болуы мүмкін қауіпті орындар да анықталған болатын. Ол аумақтар тас жолдарда дәрігерлік-құтқару пункттерін орналастыруға таңдап алынды. 

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жоспарланған барлық 40 дәрігерлік-құтқару тұрағы осы айдың аяғына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, тағы 15 қосымша тұрақтың құрылысы жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети