Төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні болатынын ескертеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні болатынын ескертеді ©Ярослав Радловский

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан 23.02.2015 күні алынған №8 ескерту негізінде Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын мен қар жабынының тұрақсыз болуына байланысты 2015 жылдың 23-24 ақпан күндері қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертеді. Соған байланысты Алматы қаласы тұрғындары, қонақтары мен туристерінен қар көшкінін туғызбау үшін қар басқан биік тау баурайларына көтерілмеуді сұраймыз. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараны қабылдауды сұраймыз. Тауда абай болыңыздар!" - делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

"Қазселденқорғау" ММ мәліметінше, 23 ақпан күні сағат 11.30-да жауын-шашын мен қардың тұрақсыз болуына байланысты Түрген шатқалында, Түрген - Батан автожолының 23,5-шақырымында көлемі 480 текше метр болатын қар көшкіні құлаған. "Көшкін жолды жауып тастады, жол қардап тазартылып жатыр, зардап шеккендер жоқ", - делінген "Қазселденқорғау" мекемесінің хабарламасында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети