©Нұрғиса Елеубеков
Көктемгі су тасқынының алдын алу қауырт жұмыс екені анық. Жүйелі жұмыс жүргізбесе, ағын су өзен-көл жағасындағы үйлерді де шайып кетуі әбден мүмкін. Биылғы қардың қалың болуы да ақмолалықтарды әбігерге салғандай. Дегенмен, ақмолалық төтенше жағдай қызметі су тасқынының алдын алуға барынша әзірленіп, тас-түйін дайын екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарымен ұйымдастырылған брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Әбдіхалықов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Ақмола облысында Атбасар, Сандықтау, Астрахан, Шортанды және Целиноград аудандарындағы су тасу қаупі күшейіп тұр. Әсіресе, Целиноград ауданында су басуы мүмкін аймақтар жетерлік. Сондықтан бұл ауданға облыстан қосымша күш жіберілуде. Бүгінгі күнге дейін Ақмола облысында су тасқынының алдын алу үшін 48 миллион теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта дейін оның барлығы игерілген. Осы уақытқа дейін елді-мекендерден 600 мың текше қар сыртқа шығарылған. Сондай-ақ тоң болып қатқан мұзды жару жұмыстары да жүргізілуде. "Су қоймаларындағы жағдай да тұрақты. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Барлық жағдай толықтай бақылауға алынған", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Әбдіхалықов.
Көктемгі су тасқынының алдын алу қауырт жұмыс екені анық. Жүйелі жұмыс жүргізбесе, ағын су өзен-көл жағасындағы үйлерді де шайып кетуі әбден мүмкін. Биылғы қардың қалың болуы да ақмолалықтарды әбігерге салғандай. Дегенмен, ақмолалық төтенше жағдай қызметі су тасқынының алдын алуға барынша әзірленіп, тас-түйін дайын екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарымен ұйымдастырылған брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Әбдіхалықов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Ақмола облысында Атбасар, Сандықтау, Астрахан, Шортанды және Целиноград аудандарындағы су тасу қаупі күшейіп тұр. Әсіресе, Целиноград ауданында су басуы мүмкін аймақтар жетерлік. Сондықтан бұл ауданға облыстан қосымша күш жіберілуде. Бүгінгі күнге дейін Ақмола облысында су тасқынының алдын алу үшін 48 миллион теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта дейін оның барлығы игерілген. Осы уақытқа дейін елді-мекендерден 600 мың текше қар сыртқа шығарылған. Сондай-ақ тоң болып қатқан мұзды жару жұмыстары да жүргізілуде.
"Су қоймаларындағы жағдай да тұрақты. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Барлық жағдай толықтай бақылауға алынған", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Әбдіхалықов.