24 қараша 2020 | 08:22

"Той жасайтындарды тоқтату керек". Шөкеев аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақтағы аудан және қала әкімдерінің жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақтағы аудан және қала әкімдерінің жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал баяндалған отырыста соңғы көрсеткіштер ортаға салынды. Облыста әлі күнге дейін отбасылық той-жиын тоқтамай тұрғаны белгілі болды.

"Ешбір тыйым бөгет бола алмай тұрған той-томалақты тоқтату керек", - деді аймақ басшысы.

 

Бүгінге дейін 535 тыйым салынған шара өтсе, оның 226-ы қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген.

Осыған орай аймақ басшысы барлық аудан, қала әкімдерін сынға алды. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге жаза, жауапты басшыларға шара қоданылмақ.

"Той-томалақ барлық ауданда бар. Эпидемиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін біле тұра, той жасайтындарды тоқтату керек. Тойға жан-жақтан тамыр-таныс жиналады. Бұған тосқауыл қойылмаса, қалған тірліктің бәрі бекер. Тез арада тиіс шара қолданылсын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы 5 айда облыс бойынша жасақталған 119 мобилді топ құрамы және аумақтық Полиция басқармаларының қызметкерлері 36 765 нысан аралап, карантин талаптарын бұзған 5 194 жағдай анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети