Toyota Camry мен Chevrolet Cobalt елдің екі ірі қаласында ең жиі кездесетін автокөліктер. Мұндай қорытындыны Sergek ITS сарапшылары келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана
Мамандар 12-20 қаңтар аралығында елордадағы Тұран даңғылы мен Тұлпар көпірінен түсетін жолдағы көлік ағынын зерттеген. Абсолютті көшбасшы – Toyota Camry, ол камераға 71 мың реттен аса түскен. Екінші орында – Chevrolet Cobalt, ол 36,6 мың рет тіркелген. Үшінші орын – Hyundai Tucson (31,5 мың рет).
Сондай-ақ, танымал модельдердің қатарында Hyundai Elantra мен Hyundai Accent бар.
Алматы
Алматыда талдау 17 ақпан мен 7 сәуір аралығында Әл-Фараби даңғылында жүргізілген. Мұнда да көшбасшы – Toyota Camry, бұл марка жолдан 67,3 мың рет өткен. Екінші орын – Chevrolet Cobalt (63 мың рет), ал үшінші орын – Hyundai Tucson (38,1 мың рет).
Hyundai Elantra мен Hyundai Accent те қаладағы ең жиі жүретін бес көліктің қатарына енеді.
Еске салайық, бүгінде Қазақстандағы автопарк шамамен 5,94 миллион автокөлік болған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға көп. Оның басым бөлігі – жеңіл автокөліктер, саны 5 235 343, яғни жалпы автопарктың шамамен 88 пайызы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!