"Тозақты көресіз бе?" БҚО-да қайта тексеруден өтуге келген мүмкіндігі шектеулі жандар кезекке шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тозақты көресіз бе?" БҚО-да қайта тексеруден өтуге келген мүмкіндігі шектеулі жандар кезекке шағымданды Фото: instagram.com/rauluporov

Тұрғындар Батыс Қазақстан облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіндегі кезекке шағымданды. Кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрғындар Батыс Қазақстан облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіндегі кезекке шағымданды. Кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орал қаласының тұрғыны Рауль Упоров 23 желтоқсанда таңертең халықты әлеуметтік қорғау бөліміне 50-ге жуық адам жиналғанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Raul Uporov (@rauluporov)

"Тозақты көресіз бе? Кеңестік типтегі тар дәлізден қаптаған адамды көресіз. Олардың бәрі әртүрлі жастағы мүгедек адамдар. Балалар мен жасөспірімдерден бастап қарттарға дейін. Тар дәлізде бұрылу мүмкін емес. Мүмкіндігі шектеулі адамдар еденде, терезе алдында отыр, тіпті баспалдақта да күтіп тұр. Бір әйел тіпті лифт жанында жатыр. Осы "мүгедектерге деген құрмет" таңнан түске дейін созылады", - деп жазды Рауль Упоров.

Желі қолданушылары да осындай жағдайға тап болғанын жазып жатыр. Олар ұзын сонар кезекке шағыманды.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі орынбасары Ардақ Мұқанова сурет 23 желтоқсанда, бейсенбіде түсірілгенін растады.

Ардақ Мұқанова

"Пандемия кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар қашықтан тексеруден өтті. Биыл эпиджағдай жақсаруына байланысты олар жеке келуге мәжбүр. Кезек бар. Оларды ертіп жүретін адамдар бірге келеді. Бәріне орындық жеткіліксіз. 1000-ға жуық адам қайта тексеруден өтуі керек", - деді ол.

Ведомствода олар жекелеген санаттағы азаматтардың үйіне баратынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети