Трамп Назарбаевқа телефон соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Назарбаевқа телефон соқты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімеге америкалық тараптың бастамашы болғаны айтылады. Әңгіме барысында Трамп Назарбаевты EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада сәтті өткізуімен құттықтап, бұл шараға америкалық делегацияның қатысу қорытындысын жоғары бағалады.  

"Қазақстан Президенті Техас штатындағы ондаған адамның өмірін жалмаған апатқа байланысты көңіл айтып, зардап шеккен аудандардың инфрақұрылымы тез қалпына келтірілуін және жергілікті халықтың қалыпты өмірге қайта оралуын тіледі", - делінген хабарламада. 

Екі елдің басшылары 21 мамырда Эр-Риядта өткен "Ислам әлемі - АҚШ" саммитінің аясындағы бірінші кездесудің Астана мен Вашингтонның әріптестігінің нығаюына маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 

Назарбаев Трампқа Астанада 10-11 қыркүйекте ғылым мен технология бағытында Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтетіні жайлы хабарлады. 

Қос мемлекеттің басшылары қазақстандық-америкалық қарым-қатынастың даму жағдайы мен перспективалары жайлы талқылады. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты күшейтуге келісті. Мұнымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. 

Қазақстан Президенті жаһандық қауіпсіздікті нығайту мақсатында төмен байытылған уран банкінің 29 тамызда Қазақстанда іске қосылуының маңыздылығына тоқталды. 

Екі елдің көшбасшылары америкалық-ресейлік қарым-қатынасқа айрықша тоқталды. 

Назарбаев Вашингтон мен Мәскеудің өзара диалогының қалыпқа келуіне сенім білдірді. Өз кезегінде Трамп Қазақстан Президентін Вашингтонға ресми іссапармен келуге шақырды. 

Әңгіме қорытындысында Мемлекеттер басшылары өзара мүдделі мәселелер бойынша диалогты бұдан әрі жалғастыруға ниет білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети