Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

АҚШ-тың қазіргі басшысы Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. Ол Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың қазіргі басшысы Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. Ол Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша халқымызды ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында отыз жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын Президентпен бірге атап өтуге қуанышты екенін жеткізген.

"Биылғы жыл бұған дейін бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін", - делінген АҚШ Президентінің жеделхатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети