Трамптың баж салығы жайлы хаты: министрлік мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамптың баж салығы жайлы хаты: министрлік мәлімдеме жасады Фото:depositphotos.com

Сауда және интеграция министрлігі АҚШ енгізгелі отырған жаңа баж салығына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрлігі АҚШ енгізгелі отырған жаңа баж салығына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 7 шілдеде АҚШ президентінен 1 тамыздан бастап жаңа импорттық баж енгізілетіні туралы ресми хабарлама түскен.

"Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілетін тауардың барлық көлеміне 25 пайыз бірыңғай мөлшерлеме белгіленген. Алайда қазақстандық экспорттың басым бөлігі - мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар. Олар баж салығынсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, қазақстандық тауарларға сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдаған.

"Қазақстанның мақсаты - нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау. Қазір Америка тарабы Қазақстан ұсыныстарын қарастырып жатыр және келіссөздерді өткізетін күнді хабарлайды. Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында Америка тарапымен одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік мәліметінше, Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд. АҚШ доллары болған, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары (4,1 млрд. АҚШ). Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізі мынадай: шикі мұнай - 1,1 млрд. АҚШ доллары (үлесі 56,2%), уран - 322,9 млн. АҚШ доллары (16,4%), күміс - 239,9 млн. АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар - 188,2 млн. АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар - 17,6 млн. АҚШ (0,89%)және басқалары. Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн. АҚШ долларына жеткен. 2025 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт көлемі 418,2 млн. АҚШ доллары болды.

Бұған дейін не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады. Мәселен ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады делінді.

Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген еді.

Кейінірек Қазақстанның Сауда министрлігі осы жағдайға пікір білдірді.

Біраз уақыттан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды қоспағанда, әлем елдерінің тауарларына бұған дейін жариялаған баж салығын 90 күнге тоқтатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети