Павлодарда қыздарын трамвай басып кеткен әйел басқа қаладан пәтер сатып алып беруді сұрады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.
Павлодарда қыздарын трамвай басып кеткен әйел басқа қаладан пәтер сатып алып беруді сұрады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.
Шынар Уалитова Екібастұзға көшкісі келіп отыр. "Онда менің туыстарым бар, өмір сүруге де жеңілірек болады. Балаларымның автобустар аз және трамвайлар жоқ қалада тұрғанын қалаймын. Пәтерім мектептің немесе балабақшаның маңында болса жақсы болар еді. Балаларым жолдан өтпеу үшін", - дейді әйел.
Сондай-ақ, әйел психологиялық тұрғыда жағдайының ауыр екенін және барлығын ұмытқысы келетінін айтады. "Кіші қызым осы жағдайдан біраз есін жинаса, осы қалаға қайтып келуіміз мүмкін. Бірақ дәл қазір мен қызымды осы қаладан алып кеткім келеді. Бізбен болған қайғылы жағдайды еске салып тұратын ештеңе болмайтындай басқа жаққа көшкім келеді", - деді Уалитова.
Қазіргі уақытта жол апатынан аман қалған қыздың жансақтау бөлімінен травмотологиялық бөліміне ауыстырылған. Жағдайы орта деңгейде ауыр деп бағаланып отыр. Бірақ қыз жазылып келеді.
Білім басқармасындағылардың мәліметінше, отбасына жаңа пәтер сатып алып беру үшін шамамен 11 миллион теңге жиналды. Еріктілер шоттағыы қаражаттың пәтерге жететінін айтып отыр. Сондай-ақ, еріктілер жаңа пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізгісі келеді.
Мектептегілер үш баланың анасының қаладағы жатақханалардың бірінде бөлме жалдап тұрғанын айтады. Қайғылы жағдайдан кейін 38 жастағы әйелді осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған күйеуінің туыстары үйлеріне шақырған. "Отбасы өздеріне жеке үй керек, сондықтан екі бөлмелі пәтер сатып алу туралы шешім қабылданды", - деді мектептегілер.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.
Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.
Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.