06 қазан 2020 | 17:58

Трансгендер Виктория Берікқожаеваның зорлануы: сот үкім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында трансгендер Виктория Берікқожаеваның зорлануына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында трансгендер Виктория Берікқожаеваның зорлануына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іле аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша айыпталушы кінәсін мойындамай, оны ақтауды сұрады. 

"Алайда сот барлық дәлелдемені зерттеп, зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын анықтады, сондай-ақ оны азаптау әрекеті деп таныды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындысы бойынша дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.

Заңға сәйкес жаза қылмыс жасалған кезде қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес тағайындалады. Қылмыс 2019 жылы осы қылмыстар үшін жазаны күшейтуге дейін жасалған.

"Сот үкімімен сотталушыға 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шартты түрде соттаудың немесе жеңілірек жазаны қарастырмады. Сотталушы майор арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді соттың баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында түрмеде зорланған трансгендер Алматы абақтысында көрген сұмдығын айтып берген болатын. Виктория Берікқожаева (бұрынғы есімі Кәрімжан Берікқожаев - авт.) аса ірі көлемде бопсалау ісі үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оның үстінен трансгендер құрбысы арыз жазған. Ол 2016 жылы тамызда ұсталған еді. Ал 2017 жылы наурызда Виктория Берікқожаеваға үкім шыққан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети