Тіс емдеу, фэншуй, қыдыру: сотта Перизат Қайраттың анасының телефонындағы жазбалар оқылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тіс емдеу, фэншуй, қыдыру: сотта Перизат Қайраттың анасының телефонындағы жазбалар оқылды Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

Перизат Қайрат ісі бойынша соттағы жарыссөз кезінде прокурор Арман Кезекен айыпталушының анасы Ғайни Алашбаеваның телефонын тексеру барысында нақты сандар көрсетілген қызық жазбалар табылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Перизат Қайрат ісі бойынша соттағы жарыссөз кезінде прокурор Арман Кезекен айыпталушының анасы Ғайни Алашбаеваның телефонын тексеру барысында нақты сандар көрсетілген қызық жазбалар табылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараптар жарыссөзі барысында прокурор Ғайни Алашбаеваның телефонынан 2023 жылдың 16 тамызындағы кейбір жазбаларды оқып берді.

"37 миллион теңге - машина, 5 миллион теңге - тіс емдеу, 10 миллион теңге - Турцияға барып емделіп келу, 3 миллион теңге БАДы алып ішу, 10 миллион теңге - қыдыру, 3 миллион теңге - фэншуй, 1 миллион теңге - бадзы оқу, 2 миллион теңге - офлайн бару қыдыру және сол уақытта 3 миллион теңгеге киім алу, 3 миллион теңге білезік ақ алтын бриллиант", – деп оқыды Кезекен.

Прокурордың айтуынша, Перизат Қайрат өзіне және анасына мұндай қымбат шығындарға мүмкіндік берген қаражаттың шығу көзін сенімді түрде түсіндіре алмаған.

"Ол тек Астана мен БАӘ-де пәтер сату, сондай-ақ ет өнімдерін сату жөніндегі расталмаған уәждерге сілтеме жасады. Сотқа ешқандай дәлел ұсынылмады", – депді мемлекеттік айыптаушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети