ЦентрКредит банкі Қазақстан Альфа-банкін сатып алады

ЦентрКредит банкі Қазақстан Альфа-банкін сатып алады

"Альфа-Банк" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ арасында "Альфа-Банк" Қазақстан ЕБ АҚ сату туралы келісім жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Альфа-Банк" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ арасында "Альфа-Банк" Қазақстан ЕБ АҚ сату туралы келісім жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЦКБ мәліметінше, "ЦентрКредит" банкі қаржы мекемесінің қарапайым акцияларының 100 пайызын сатып алып, "Альфа-Банк Қазақстан" жаңа акционері болады.

"Альфа-Банк" АҚ акционерлер құрамынан толық шығып, директорлар кеңесінен өз өкілдерін шақырады.

"Мәміле заңды аяқталғаннан кейін "ЦентрКредит" Банкі ребрендингін жүргізеді. Қабылданған шаралар банктің АҚШ пен бірқатар басқа елдің санкциялар тізімінен шығуына ықпал етеді. Осылайша, бұл жеке және заңды тұлғаларға арналған банктік қызметтердің толық спектрімен толық қазақстандық банк болады", - делінген хабарламада.

"ЦентрКредит" банкі депозиторлар алдындағы барлық міндеттемені орындау үшін банктерді өз қаражаты есебінен қосымша өтімділікпен қолдауға, сол арқылы жұмыс істеп тұрған клиенттер үшін қалыптасқан жағдайды жедел шешуге дайын екенді хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети