Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының ұйымдастыруымен "Цифрлық драйвер" тақырыбында форум өтті. IT саласының компаниялары, сарапшылар бұл жолы жаңадан ашылған "Shymkent Hub" ғимаратында өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, іс-шарада Shymkent Hub-тың әлеуеті, қалада IT саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде толығырақ мағлұмат берілді.

Shymkent Hub – бұл мүмкіндіктер алаңы. Кеше қалалық жастар ресурстық орталығында осы тақырыпта өткен форум бүгін өңірлік технопаркте жалғасты. Іс-шараның басты мақсаты – цифрлық технологиялар саласында идеялар және тәжірибелерімен бөлісу үшін алаң ұсыну, қала тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру, идеялар алмасу. Жиынға қалалық басқармалардың өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысты.
Форумды Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов ашып берді. Басқарма басшысы өңірлік технопаркте тренингтер, семинарлар тұрақты түрде өтіп жатқанын, кезекті форум саланы дамытуға зор серпін беретінін атап өтті. Жалпы қала тұрғындарының осы хабқа келіп, өздерінің жобаларын іске асыруға мүмкіндіктері бар.
Іс-шарада жетекші мамандар цифрлық технологиялар, өздерінің үздік тәжірибелері және әдістемелері жөнінде кеңірек әңгімелеп берді. Атап айтқанда, "Huawei technologies", "TAP GO", "Dahua technology", "Alaqan" және тағы басқа компаниялар өз жобаларын көпшілікке таныстырды.
Суреттер: Шымкент қаласы ІСБ
Бүгінгі форум жаңа технологиялық жобалар құруға ынталандыру, халықтың түрлі топтарының цифрлық технологияларға қызығушылығын арттыру, Шымкент қаласында цифрлық трансформация саласы сарапшыларының жаңа қоғамын құру және кәсіби байланыстарын дамытуды көздейді.
Форум барысында ойындар ұйымдастырылып, IT өнімдер көпшілік назарына ұсынылды.