Цифрлық телнұсқа, “ақылды“ фермалар және агродрондар - Тоқаев ауыл шаруашылығын трансформациялау туралы

Цифрлық телнұсқа, “ақылды“ фермалар және агродрондар - Тоқаев ауыл шаруашылығын трансформациялау туралы Фото:depositphotos.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердегі өндіріс ошақтары мен агроөнеркәсіп кешенін цифрлық трансформациялаудың маңызына назар аударды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердегі өндіріс ошақтары мен агроөнеркәсіп кешенін цифрлық трансформациялаудың маңызына назар аударды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент экономиканы цифрландыру – технологиялық тренд қана емес, бәсекеге қабілетті болудың басты кепілі екенін атап өтті.

"Қазақстан бұл сынаққа ауқымды Цифрлық трансформация тұжырымдасын қабылдау арқылы жүйелі әрекеттермен жауап бермек. Өнеркәсіп секторы мен тау-кен және металлургия кешеніндегі роботтандыру, "бұлттық" шешімдер, ірі кәсіпорындардың "цифрлық телнұсқасы" өнімділікті ұлғайтып, шығынды азайтады. Ауыл шаруашылығын автоматтандыру мол өнім жинауға, су үнемдеуге, қоршаған ортаға зиянды азайтуға септігін тигізеді. Мал шаруашылығына қағаз жүзіндегі құжат айналымынан бас тартып, есептің дәлдігін арттыратын бірқатар цифрлық жүйе енгізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінде 650-ден астам "ақылды" фермалар жұмыс істеп тұр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Егін және тұқым шаруашылығында өнімді "егіс даласынан тұтынушы дастарқанына дейін" жеткізу тізбегін қадағалайтын жүйе енгізіліп жатыр.

Президент тыңғылықты жоспарлау мен цифрлық болжау мүмкіндіктерін пайдалану нәтижесінде Қазақстанда екінші жыл қатарынан егін бітік шығып, 27 миллион тонна көлемінде астық жиналғанын атап өтті. Ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай цифрландыру жұмысы жүргізілуде.

"Агродрондар, жерсеріктік навигациялар мен метеостанция мәліметтері кеңінен қолданыла бастады. Жер телімін пайдалануға беру үдерісі электронды форматқа көшірілді. Дихандар мен шаруаларды мемлекет тарапынан қолдау тетіктері толықтай электрондық форматқа ауысты. Бұл жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Ауыл шаруашылығын цифрландыру тәжірибесін кеңінен тарату қажет. Жаһандық азық-түлік нарығындағы ЕАЭО позициясын нығайтатын жоғары технологиялық бастамаларды қолдауға күш салуға болады", - деді Тоқаев.

Президент Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперациялық жобаларды қаржылай қолдау бойынша түзетулер енгізіліп, қабылдануын осы жолдағы маңызды қадамның бірі деп атады.

"Мұндай технологиялық бастамаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін Еуразия даму банкінің мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Құрылғаннан бергі жиырма жыл ішінде аталған қаржы институты еуразиялық интеграцияның тиімді әрі сұранысқа ие құралы екенін дәлелдеді. Біз шағын құрамдағы кездесуде Банктің басқарма төрағасы жасаған мазмұнды баяндаманы тыңдап, оны бекіттік. ЕАДБ алдағы уақытта да Одақ кеңістігіндегі стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда басты локомотив болуға тиіс деген ұйғарымға келдік", - деді Мемлекет басшысы.

Анықтама: Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) - Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларынан тұратын жоғары басқарушы органы. Ол интеграция стратегиясын айқындайды, даму бағыттарын бекітеді және одақтың барлық елдері үшін міндетті шешімдер қабылдайды.

Еске сала кетейік, 28 мамырда Астанада ЕАЭО-ға мүше елдер басшыларының қатысуымен V Еуразиялық экономикалық форум өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ЕАЭО елдеріне үндеу жасады.

"Жаңа технологиялық және экономикалық қалып негізінде қайта құрылып жатқан әлемдік тәртіптің қазіргі кезеңі елдерімізге бірегей мүмкіндіктер ұсынып отыр. Келешектегі позициямызды нығайту үшін оны ұтымды қолданған жөн. Біз осы тарихи мүмкіндікті мүлт жібермей, барынша пайдалануға міндеттіміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев әлемдік дүрбелең жағдайында ЕАЭО-ның басты міндетін атады

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама