Тоқаев әлемдік дүрбелең жағдайында ЕАЭО-ның басты міндетін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев әлемдік дүрбелең жағдайында ЕАЭО-ның басты міндетін атады Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақты қазіргі күрделі геосаяси жағдайда стратегиялық міндеттерді орындауға тиіс әлемдік экономиканың маңызды субъектісі деп атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақты қазіргі күрделі геосаяси жағдайда стратегиялық міндеттерді орындауға тиіс әлемдік экономиканың маңызды субъектісі деп атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Президент бұл алаңның еуразиялық интеграцияны дамытудың басым мәселелері бойынша кәсіби әрі нәтижелі диалог жүргізуге арналған тиімді платформаға айналғанын атап өтті.

"ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес, жаһандық экономиканың маңызды субъектісі екенін түсінген жөн. Бұрын-соңды болмаған геосаяси дүрбелеңдер кезінде мемлекеттеріміз үйлесімді іс-қимыл арқылы экономикаларының орнықты дамуын, әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алды. Қазір біздің алдымызда Еуразия экономикалық одағының әлеуетін одан әрі арттырып, қарқынды дамыту жөнінде стратегиялық маңызды міндет тұр", - деді Президент.

Тоқаев дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының бағдары жаппай өзгеріп жатқан кезеңде теріс сипаттағы жаһандық үрдістерге төтеп беру үшін күш-жігерді жұмылдыру керектігін баса айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы ахуал күрделі, тіпті көп жағдайда болжап біле алмайтындай болып отырғанына тоқталды.

"Өзімізге етене таныс экономикалық сынақтарға қоса, цифрлық салада ауқымды өзгерістер болып жатыр. Бұл көп ұзамай "ойын ережесін" толықтай жаңартады. Осыған орай бүгінгі форум тақырыбының өзектілігі арта түсті. Жасанды интеллект технологияларының жедел дамуы қазірдің өзінде жаһандық экономиканың іргелі факторына айналғанын көріп отырмыз", - деді Тоқаев.

Президент Goldman Sachs халықаралық сарапшыларының деректерін келтірді. Олардың болжамынша, алдағы он жыл ішінде жасанды интеллектіні қолдану нәтижесінде әлемдік жалпы ішкі өнімнің әлеуетті өсімі шамамен 7 триллион долларға жетеді.

"Бұл жаңа технологиялық қалыптың түзілуіне алып келеді. Соның салдарынан экономиканың барлық секторындағы еңбек нарығының құрылымы түбегейлі өзгереді", - деп атап өтті Президент.

Сондай-ақ Тоқаев Халықаралық валюта қорының бағалауына тоқталып, алдағы жылдары жасанды интеллект технологияларының енгізілуіне байланысты әлемдік еңбек нарығындағы жұмыс орындарының 40 пайызға жуығы қысқаратынын, бұл миллиондаған адамның қайта даярлануын және жаңа дағдылар мен білім алуын талап ететінін айтты.

Еске сала кетейік, биылғы Еуразиялық экономикалық форумның басты тақырыбы: "Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру". Мәртебелі меймандар қатарында Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения вице-премьері Мгер Григорян, Куба Республикасының вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Вьетнам премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг, Моңғолия премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаяр, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев және тағы да басқа лауазымды ресми тұлғалар бар.

Сонымен қатар, осы күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен жүр. Астанада жоғары деңгейдегі кездесулер өтіп, оның қорытындысы бойынша мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.44   564.44   6.84 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +14
Астана +13
Ақтау +18
Ақтөбе +12
Атырау +17
Б
Балқаш +16
Ж
Жезқазған +12
Қ
Қарағанды +12
К
Көкшетау +13
Қ
Қостанай +15
Қызылорда +14
П
Павлодар +14
Петропавл +14
С
Семей +13
Т
Талдықорған +15
Тараз +17
Түркістан +9
О
Орал +14
Ө
Өскемен +18
Ш
Шымкент +14

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер