Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрігердің видеосына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрігердің видеосына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, ол Facebook-тен Аида Букаеваның үндеуін көрген, кейін хабарласқан.
"Бірнеше ай бойы ол қоғамдық негізде медицина қызметкерлеріне ауруханаларда көмектесіп жүр, пациенттерге қарайды, еден жуады, сусындар әкеледі. Оқиғаның эпицентрінде жүре тұра, ол дәрігерлеріміз қалай ерлікпен жұмыс істеп жатқанын, сондай-ақ қызмет барысында кездесетін қиындықтарды да көреді. Бүгінде жағдайға бей-жай қарамайтын адамдар маған бүкіл картинаны объективті жеткізуге, емдеу бойынша қарапайым шараларды түсіндіруге, қайырымдылық көмек көрсету және басқалары бойынша ұсыныстарын айтады.
Біз медициналық ұйымдардың ішіндегі жағдайға қарамастан дайын адамдардан халықтық бақылау жасауға келістік. Жағдайды нақты бағалау үшін. Көмек көретуге ұсыныстар жасау, дәрі-дәрмек жеткілікті ме, барлық қызметкер жеткілікті қорғалған ба, пациенттерге көмек қалай көрсетіледі, басшылық ұжымға және науқастарға жеткілікті деңгейде көңіл бөле ме және басқалары бақыланады. Қажет болған жағдайда қатаң шаралар да қолданамыз, әсіресе сыбайлас жемқорлық сипатындағы және дәрі-дәрмектерді қайта сату бойынша", - деді Цой.
Министрдің айтуынша, Аида Букаева бұл бағытты өз мойнына алуға келісті және өңірлерге шығуға дайын. Сондай-ақ, өңірлерде осындай жұмыстарға қатысуға дайын мейірімді жандар шақырылып жатыр. Ол Ұлттық еріктілер желісі осы жобаға қатысуға ниет білдіргенін жеткізді.
"Медициналық ұйымдарға қолжетімдікті қамтамасыз етеміз. Қорытындысы бойынша жағдайды қолмен жақсартуға арналған нақты шешімдер қабылдаймыз.
Сондай-ақ, Аида бұл қызметті БАҚ-та жариялап, халыққа жеткізуімді өтінді. Мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен келіссөз жүргіздім, ол қолдауға уәде берді. Қазір үнемі байланыста болатын үйлестірушіні іздеп жатырмыз.
Бүгінде қоғам короновируспен байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін бірікті және бұл үлкен үміт ұялатады", - деп қорытындылады Алексей Цой Facebook-те.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!