Цой жаңа оқу жылының ережелерін жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цой жаңа оқу жылының ережелерін жариялады Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында оқыту форматы бойынша ұсыныстарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында оқыту форматы бойынша ұсыныстарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 5 тамызында білім беру нысандарына қолданылатын жаңа санитарлық ережелер бекітілді. Бұл ережелер: оқыту форматтарына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, корпустардағы, аудиториялардағы, спорт және акт залдарының толуына (жобалық қуаттың 40-50 пайызынан аспайтын), зертханалық, практикалық және студиялық сабақтарға, сондай-ақ жатақханалардағы бөлмелердің толтырылуына қойылатын талаптарды қамтиды", - деді Цой Үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы өз сөзінде елімізде мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерін вакциналау аяқталғанын, 18 және одан жоғары жастағы студенттерді вакциналау басталғанын айтты.

"Қолданыстағы заңнама мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектептерде дәстүрлі оқыту форматына көшу үш ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, мұғалімдер мен қызметкерлерді 100 пайыз вакциналаудан кейін мүмкін болады. Оң тәжірибені ескере отырып, инфекция жұқтырғандарды, вакцина алмаған және педагогтер, қызметкерлер мен ата-ана қатарындағы байланыста болған адамдарды бақылау мақсатында мектептерге кірген кезде Ashyq қосымшасын пайдалану орынды деп ұсынамыз", - деп толықтырды Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети