Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтарға карантин талабын қатаң сақтауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтарға карантин талабын қатаң сақтауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі таңда Қазақстан қоғамында коронавирус инфекциясынан сақтану үшін қауіпсіздік пен салауатты әдеттер "жұқпалы" болуы керек. Ол үшін алдымен маска тағып, жеке бастың тазалығын сақтау қажет. Сыртта жүргенде масканы тағу - инфекция жұқтыру қаупін 30 пайызға төмендететіні барлығына белгілі факт. Сондай-ақ, инфекцияның одан әрі таралмауы үшін қолдың тазалығын сақтау да маңызды", - дейді Цой.
Министр бизнес өкілдері де санитарлық нормаларды қатаң сақтау керегін жеткізді.
"Арақашықтықты сақтау, офистердің 20-да 80 пайыз аралықта қашықтан жұмыс істеуі, оқушылар мен студенттердің қашықтан білім алу принципі сақталуы керек. Бұл шаралар барлық ақпарат арнасы арқылы, халықпен ағартушылық бағыттағы жұмыстарды күшейту керек", - дейді Алексей Цой.
Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі 3 тамыздан бастап қандай нысандар жұмыс істейтінін айтқан болатын.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға дейін төмендегенін хабарлаған еді.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 84 648-ге жетті. 54 404 науқас дертінен айықты, 585 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!