Цой коронавирус туралы: жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цой коронавирус туралы: жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың тарау қарқыны төмендегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың тарау қарқыны төмендегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус жұқтырудың апта сайынғы динамикасы наурыздың соңынан бері 46 пайыздан өткен аптада 8 пайызға дейін төмендеді.

Өткен аптадағы өлім-жітімнің өсуі алдыңғы аптаға қарағанда 30-дан 8 пайызға дейін төмендеді. Жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанғаны байқалады", - деді Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде COVID-19 оң нәтиже көрсеткен 311 400 науқас және КВИ-мен 52 471 жағдай тіркелген.

"Республика бойынша жұқпалы аурулар төсек-орын жүктемесі 41 пайыз, реанимациялық төсек-орындар - 28 пайыз.

Инфекциялық төсектердің ең көп қамтылуы Қызылорда облысында 58 пайыз, Алматыда - 57 пайыз, Алматы облысында - 57 пайыз, Нұр-Сұлтанда – 56 пайыз.

Реанимациялық төсек орындарда науқас Батыс Қазақстан облысында, Алматы мен Нұр-Сұлтанда барынша көп", - деді Цой.

Оның айтуынша, резервтік қор ел бойынша 26 122 төсек, инфекциялық стационарлар, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Шымкентті қоспағанда, барлық өңірде көпбейінді ауруханалардың бөлімшелері жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети