14 шілде 2021 20:31

Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол министрлік болжамды коронавирустың дельта штаммының белсенді таралып жатқанын және халықты вакцинациямен қамтуды ескере отырып дайындағанын түсіндірді. Оның айтуынша, аурудың шыңы тамыз айында болады.

"Пессимистік сценарий бойынша 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 400 мың адамға жетеді - орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 6 мың жағдайдан жоғары.

Екінші, шынайы сценарий бойынша 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 355 мың адамға жетеді - орташа есеппен тамыз айында 5,3 мың жағдайдан жоғары.

Оптимистік сценарийде 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 330 мың адамды құрайды - орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 5 мыңға жуық жағдай жоғары", - деп нақтылады министр Facebook-тегі жарияланымында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети