ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2021 | 16:50
Цой коронавирустың жаңа штамы туралы жазба жариялады
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып, коронавирустың жаңа "омикрон" штамы туралы жаңартылған деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып, коронавирустың жаңа "омикрон" штамы туралы жаңартылған деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Омикрон" туралы жаңартылған ақпарат. Қысқаша мазмұны: зерттеу жалғасып жатыр, ал барлық қорытынды басқа нұсқалардағы ұқсас мутациялар туралы тәжірибе мен білімге негізделген.
Тасымалдану әлеуеті: "омикрон" басқа штамдарға қарағанда қалай таралатыны әлі белгісіз. Иә, Оңтүстік Африкада қазір бұл штамды жұқтыру дерегі көбейген, бірақ эпидемиологиялық зерттеулер аяқталғанға дейін бұл нұсқаның таралу әлеуеті артқаны туралы нақты қорытынды жасауға болмайды", - деп жазды Цой Facebook-те.
Оның айтуынша, сондай-ақ "омикрон" штамы денсаулыққа қаншалықты ауыр жағдай туғызатыны әлі белгісіз.
"Әзірге "омикрон" белгілері COVID-19-дың басқа нұсқаларынан қалай ерекшеленетіні туралы ешқандай дәлел жоқ. Алдын ала мәлімет Оңтүстік Африкада ауруханаға жатқызу жиілігі көбейгенін көрсетеді, бірақ ауруханаға жатқызу қауіптің алдын алуға байланысты болуы мүмкін.
Табиғи иммунитеттің тиімділігі (ауырған адамдарда): алдын ала деректер басқа нұсқалармен салыстырғанда "омикронды" қайта жұқтыру қаупі жоғары болуы мүмкін екенін көрсетеді, бірақ деректер аз", - деді министр.
Оның айтуынша, ДДСҰ "омикронның" вакцина тиімділігіне ықтимал әсерін бағалайды. Қазіргі уақытта вакциналар вирусқа қарсы өте тиімді құрал. Кеңінен қолданылатын сынама жүйелері "омикронды" тиімді анықтап жатыр.
Терапияның тиімділігі туралы айта келе, министр кортикостероидтар мен интерлейкин-6 тежегіштері "омикрон" нұсқасынан туындаған ауруды емдеуде тиімді екенін атап өтті. Басқа емдік құралдардың (соның ішінде моноклональды антиденелердің) тиімділігі зерттелетін болады.
Бұған дейін Жапонияның Ұлттық жұқпалы аурулар институты (NIID) коронавирустың жаңа "омикрон" штамына байланысты қауіп деңгейін көтергені хабарланған болатын.
"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также