"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Күтзее коронавирустың "омикрон" деген жаңа штамын жұқтырған науқастар туралы алғаш болып хабарлаған. Ол The Telegraph басылымына ауру симптомдары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Күтзее коронавирустың "омикрон" деген жаңа штамын жұқтырған науқастар туралы алғаш болып хабарлаған. Ол The Telegraph басылымына ауру симптомдары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОАР медициналық қауымдастығының жетекшісі жаңа штамм белгілері бастапқы кезеңде коронавирустың әдеттегі белгілерінен өзгеше және жеңіл болып көрінетінін атап өтті.

Дәрігердің айтуынша, патоген қайтадан мутацияға ұшырады деген күдік COVID-19-дың ерекше белгілері бар науқастардың ауруханаға жиі түсуіне байланысты пайда болған. Сонымен, науқастардың арасында қатты шаршау сезіміне шағымданған жастар, сондай-ақ жүрек соғу жылдамдығы мен жоғары температурасы бар алты жасар балада жаңа симптомдар байқалған. Алайда пациенттердің ешқайсында дәм мен иіс жоғалмапты.

"Оның белгілері (жаңа штамм симптомдары туралы айтып отыр - авт.) бұрынғы белгілерден мүлдем өзгеше және жеңіл көрінді", - дейді Кутзее.

Оның айтуынша, он шақты адамнан коронавирустың жаңа штамы тест арқылы анықталған. Бұл негізінен қатты шаршауға шағымданған сау ер адамдар. Олардың жартысына жуығы вакцина салдырмаған.

Дәрігер вакцина салдырмаған азаматтарда, сондай-ақ қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдарда ауруды өткеру ауыр болатынын айтып ескертті.

Бұған дейін Ұлыбританияның бас санитария дәрігері Крис Уитти мен Оксфорд университетінің профессоры Джон Белл коронавирустың жаңа штамының аса қауіпті екеніне күмән келтірген болатын.

Ал Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы доктор Шарон Эльрои-Прайс, соңғы мәліметтер бойынша, "омикрон" штамын жұқтырған адамдар, егер олар вакцина салдырған болса, ауруды жеңіл өткереді деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer