Астанада Алматы көшесінің тағы бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

жол жұмыстары Фото: depositphotos.com

20 шілдеден бастап Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін толық жабылады. Шектеу 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Астана әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Auto.


Алматы көшесінің Сауран, Ақмешіт және Түркістан көшелерімен қиылыстары ашық болады.

"Бұл өзгерістерге түсіністікпен қарап, қала ішіндегі қозғалысты жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", – делінген хабарламада.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жөндеу жүргізілетін аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы нұсқағыштар орнатылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

улицу Алматы перекроютФото: t.me/ikomek109

Шектеу Алматы көшесінің бойында көлік тоннелін салу жобасына байланысты енгізіліп отыр. Бұған дейін, 18 маусымнан бастап Алматы көшесінің Ақмешіт пен Түркістан көшелері аралығындағы бөлігінде қозғалыс тоқтатылған еді. Енді жабық учаске Сауран көшесіне дейін ұзартылады.

Айта кетейік, биыл Астанада жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 50 көшені жөндеу жоспарланған.