02 желтоқсан 2021 08:31

Дәрігер жаңа омикрон-штамын жұқтырғандар қалай ауырып жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Унбен Пиллэй NBC New York телеарнасына коронавирустың омикрон штамын жұқтырғандарда байқалған белгілер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Унбен Пиллэй NBC New York телеарнасына коронавирустың омикрон штамын жұқтырғандарда байқалған белгілер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Оңтүстік Африкада COVID-19 жағдайларының күрт өсуі байқалады, бұл коронавирустың жаңа штамымен байланысты, бірақ ауру әлі де жеңіл түрде көрінеді.

"Кейінгі 10 күнде біз жұқтыру жағдайларының күрт өскенін байқап отырмыз. Осы уақытқа дейін бұл өте жеңіл жағдайлар болды, пациенттерде тұмауға ұқсас белгілер болды: құрғақ жөтел, дене қызуы, түнгі терлеу, дененің қатты ауыруы", - деді доктор.

Пиллэй пациенттердің көпшілігі үйде емделгенін атап өтті. Вакциналанғандар ауруды әлдеқайда жақсы қабылдайды. Дәрігерлер әлі ауруханаға жатқызу деректерінің саны айтарлықтай өсті деуге келмейтінін айтты.

"Бірақ бұл тек бастамасы. Ауруханаға жатқызу көбінесе расталған жағдайлардың көбеюінен бірнеше күн өткен соң пайда болады", - деп түсіндірді ол.

Бұған дейін Оңтүстік Африка дәрігері Анжелик Кутзей бастапқы кезеңде омикрон штамының белгілері коронавирустың әдеттегі белгілерінен өзгеше екенін айтқан. Оның айтуынша, пациенттерде "қатты шаршау сезімі" бар. Бұл жағдайда пациенттердің ешқайсында дәм мен иіс жоғалмапты.

Сонымен қатар, коронавирустың жаңа нұсқасы кем дегенде 20 елде табылып үлгерді және олардың саны артуы мүмкін.

Омикрон штамы бүкіл әлемде Оңтүстік Африка ғалымдары оны тапқанға дейін бір аптадан астам уақыт бұрын тарала бастаған. Содан бері көптеген ел Оңтүстік Африкаға сапарлауға тыйым салды.

Алайда ДДСҰ халықаралық сапарларға толық тыйым салу коронавирустың таралуын тоқтатпайды деп санайды.

Жаңа штамм қолданыстағы вакциналардың қорғанысын бұзып өте алады деген қорқыныш бар. Бір күн бұрын Moderna бас директоры Стефан Бансель қазіргі қолда бар екпелердің омикронға қарсы тиімділігіне күмән келтірген. Оның айтуынша, жаңа вакциналар жасау үшін бірнеше ай қажет болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети