Цой коронавирустың таралуы бойынша 3 жаңа болжам айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цой коронавирустың таралуы бойынша 3 жаңа болжам айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай бойынша жаңартылған болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай бойынша жаңартылған болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цой Қазақстандағы коронавирус тарауы бойынша үш болжам айтты. 

"Пессимистік сценарий бойынша, вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны 95 мыңға жуық болады. 

Екінші, реалистік сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80 пайыз болады, сонда 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мыңға жетеді.

Ал оптимистік сценарийде вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 95 пайызды көрсетіп, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың болады", - деді Цой.

Министр осы сценарийлердің орындалу-орындалмауы халықтың вакцинация мәселесіндегі белсендігіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді.

"Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға вакцинамен қамтуды ұлғайту, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет деп санаймыз", - деді ведомство басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети