Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына 10-ға жуық ел қызығушылық танытқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына 10-ға жуық ел қызығушылық танытқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз үлкен белсенділікті көрдік. Негізінде біздің вакцина - мұсылман әлеміндегі толығымен жасалған және шығарылған алғашқы вакцина. Көптеген мұсылман мемлекеті бізге жүгінеді. Жақында БАӘ-дегі әріптесіммен сөйлестім, олар қызығушылық танытып отыр. Бізге Қатардан жүгінді. Барлығы 10-ға жуық ел QazVac-ты жеткізу мәселесі бойынша жүгінді.
Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, авторлық құқықты тіркейміз. Біздің институт болашақта QazVac-ты ғана емес, басқа да вакциналарды (экспорттау үшін - автор.) халықаралық патент алып жатыр", - деді Цой блогер Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.
Ол, сондай-ақ, коронавирусқа қарсы вакцинаны көптеген дамыған ел жасай алмай отырғанда бұл Қазақстанның қолынан қалайша келгенін айтып берді.
"Біздің ғалымдар кез келген вирусты бөліп алып, одан вакцина жасай алатынын көрсетті. Бұл Қазақстан басқа елдерге қарағанда ақылдырақ дегенім емес. Осындай қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханалар әлемде аз. Мұндай жабайы вирустармен жұмыс істеу тәжірибесі көп елде жоқ. Осыған байланысты біз жасай алдық. Біз бұл мәселемен көп жылдар бойы айналысып келеміз", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!