11 қазан 2021 | 11:21

Цой: Вакцинадан бас тарту мәселесі әлі де өзекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тарту жағдайлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тарту жағдайлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 2020 жылдың қорытындысы бойынша вакцинациямен қамтудың оңтайлы шамасына қол жеткізілмегенін айтып өтті. 

"Вакцинадан бас тарту мәселесі әлі де өзекті. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакцина салдырудан 24 976 адам бас тартты, олардың 58 пайызы - жеке сенімдері бойынша, 23,2 пайызы - діни сенімдері бойынша, 12,8 пайызы - вакциналарға сенімсіздік салдарынан болса 6 пайызы БАҚ-тағы теріс ақпаратқа сенгендер", - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Ол 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында вакцинадан бас тартудың 3 417 жағдайы тіркелгенін айтты.

"Біз вакцинаға қарсы адамдарға тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз, осындай жұмыстардың нәтижесінде өз пікірін өзгерткен 197 вакцина салдырды", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар, Цой Қазақстанның COVID-19 төрт толқынынан өткенін хабарлады. Аурудың соңғы өсу кезеңінде  тәулігіне 7 800-ге дейін жағдай тіркелді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети