"СҚ-Фармация" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс бойынша адвокаттар соттан денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды куәгер ретінде шақыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"СҚ-Фармация" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс бойынша адвокаттар соттан денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды куәгер ретінде шақыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айыпталушы тараптың адвокаты Ерлан Мәкен дәрігерлердің жаппай инфекция жұқтыру ісі бойынша басты сот талқылауында өтінішхатты оқыды.
"Өтініште басты сот талқылауына куәгер ретінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды шақыру туралы айтылған. Өтінішхат жәбірленуші тарап өкілі қойылған сұрақтың жартысынан көбіне жауап бере алмайтынына байланысты. Яғни, өкіл екі тарап мәселелер бойынша да хабардар емес. Біз оны анықтауымыз керек", - деді Макен.
Ол мәселе аурухана бас дәрігерлері жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға өтінімдерді уақтылы жасамағаны медицина қызметкерлерінің жаппай вирус жұқтыруына қатысты сот процестеріне себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Денсаулық сақтау министрлігі сотта жәбірленуші тарап деп танылған.
"Өтінішті қанағаттандырудан бас тартуыңызды сұраймын, өйткені қорғаушы тарап өтінішті берген кезде жалған деректерді пайдаланды. Көп сұраққа "жауап бермеді" дейді. Ол сұрақтарға келесі сот отырысында жауап береміз, олар небары бес сұрақ. Министрді сот отырысына шақыру артық, өйткені ол министрлік атынан сенімхатты бізге берді", - деді сотқа жәбірленуші тараптың өкілі Сержан Оралов.
Судья өтініш бойынша шешім шығарған жоқ, бірақ ол мәселеге оралатынын айтты.
"Мен жәбірленуші тараптың өкіліне қойған сұрақтарым бойынша дайындалуды тапсырдым. Қажет болған жағдайда министрліктің қандай да бір құрылымдық бөлімшелері басшыларынан жауап алу туралы өтініш жасай аласыз, олар осы сұрақтарға толығырақ жауап бере алса, шақырамыз. Егер сот жауап алмаса және министрді шақыру қажет деп тапса, мен адвокаттың өтінішіне ораламын. Сонымен қатар, куәгерлер тізімінде бұрынғы министр Елжан Біртанов бар, оған да сұрақтар қоямыз", - деп жауап берді судья Қанат Дүйсембиев.
Айта кетейік, Берік Шәріп медицина қызметкерлерінің 2020 жылдың сәуір-мамырында жаппай коронавирус жұқтыруына және атыс қаруын заңсыз сақтады деп айыпталған еді.
Айыптаушы тараптың толық мәлімдемесін мына жерден оқи аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!