Қырғызстанның дайверлері түбі қоқысқа толған Ыстықкөлдің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстанның дайверлері түбі қоқысқа толған Ыстықкөлдің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Таза Ыстықкөл" қоғамдық қозғалыстың мүшелері көлді тазалау барысын видеоға түсірді. Су асты кадрларында "Қылғыздың інжу-маржанының" түбі қоқысқа толып қалғаны анық көрінеді. Видео Facebook әлеуметтік желісінде UNDP in the Kyrgyz Republic парақшасында жарияланды.
Еріктілер 2015 жылдан бастап Қырғызстанның танымал көлін тазалаумен айналысқан. Дайвер Валерияның айтуынша, бірінші акция қорытындысы бойынша құрлыққа 30 қап қоқыс шығарылған.
"Олар көбіне пластик, қытырлақ қатты нанның қағазы, су немесе құммен толтырылған бөтөлкелер. Балалар жағалауда ойнап жүріп суға бөтөлкелер лақтырады, бірақ оның бәрі кейде табылмайды. Оларды алып шығу қиын. Шағылған шам, бояуы бар құты және әйелдердің жеке гигиена заттары", - дейді ол.
Ыстықкөлге батып кеткен қолшатыр
Танымал көлде автомобиль доңғалағының тысы көп кездеседі. Бір акцияның өзінде еріктілер бес доңғалақ тысын тапты.
Бірақ қоқыстардың көбі "пластик" - пакет, стақандар.
"Әрине, бір ұйым көлді қалпына келтіре алмайды. Біз физикалық тұрғыдан Ыстықкөлдің барлық ауданын тазарта алмаймыз. Бірақ негізінде мәселені шешуге әрбір адам көмектесе алады. Жүзе білу міндет емес, дайындық та керек емес. Жай ғана табиғатқа зияның тимесін десең, өз артыңнан жинап жүр. Ал көмектескің келсе, біреудің артынан жина", - деп тұжырымдады Валерия Кадыгрова.