Туберкулезбен куресудің жаңа жоспары қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туберкулезбен куресудің жаңа жоспары қабылданды ©ortcom.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күресудің жаңа жоспары қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметтің бүгінгі отырысында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күресудің жаңа жоспары қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, жоспар аясында жаңа шараларды қолға алу қарастырылған. Соның ішінде туберкулезге қарсы қызметтерді жаңарту, науқастар үшін амбулаторлық көмекті кеңейту сияқты шаралар бар. Халық үшін емдеудің жаңа технологиялары ұсынылатын болады. Айта кеткен жөн, бүгінде Қазақстанда туберкулезді анықтаудың тың тәсілдері баршылық. Оның арқасында құрт ауруын екі сағаттың ішінде анықтауға болады. Ондай технологиялар еліміздің барлық облыстарында бар. 

Ал денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековның сөзіне қарағанда, туберкулез дертіне шалдыққан азаматтар емделуден қашып жүр. Біреулер өз денсаулығына немқұрайлы қарап, ауруханаға бармаса, екіншілер стационарға жатса да, көп ұзамай, қашып кетеді. "Туберкулездің ашық түрі айналадағы адамдар үшін қауіпті. Ондай сырқаты бар адамды оқшаулау қажет. Алайда бұл норма, көп жағдайда, орындалмайды. Науқастар стационардан өздігімен кетіп қалады. Сосын оларды медқызметкерлер іздеп жүреді. Ондайларды күштеп емдеу мүмкін емес. Себебі оларда жеке куәлік де болмай жатады", - дейді С.Қайырбекова. Оның ойынша, тексерістен қашып жүргендерді іздестіру жұмысына ішкі істер органдары да атсалыуы қажет.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети