Үкіметтің бүгінгі отырысында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күресудің жаңа жоспары қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға сілтеме жасап.
Үкіметтің бүгінгі отырысында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күресудің жаңа жоспары қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жоспар аясында жаңа шараларды қолға алу қарастырылған. Соның ішінде туберкулезге қарсы қызметтерді жаңарту, науқастар үшін амбулаторлық көмекті кеңейту сияқты шаралар бар. Халық үшін емдеудің жаңа технологиялары ұсынылатын болады. Айта кеткен жөн, бүгінде Қазақстанда туберкулезді анықтаудың тың тәсілдері баршылық. Оның арқасында құрт ауруын екі сағаттың ішінде анықтауға болады. Ондай технологиялар еліміздің барлық облыстарында бар.
Ал денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековның сөзіне қарағанда, туберкулез дертіне шалдыққан азаматтар емделуден қашып жүр. Біреулер өз денсаулығына немқұрайлы қарап, ауруханаға бармаса, екіншілер стационарға жатса да, көп ұзамай, қашып кетеді. "Туберкулездің ашық түрі айналадағы адамдар үшін қауіпті. Ондай сырқаты бар адамды оқшаулау қажет. Алайда бұл норма, көп жағдайда, орындалмайды. Науқастар стационардан өздігімен кетіп қалады. Сосын оларды медқызметкерлер іздеп жүреді. Ондайларды күштеп емдеу мүмкін емес. Себебі оларда жеке куәлік де болмай жатады", - дейді С.Қайырбекова. Оның ойынша, тексерістен қашып жүргендерді іздестіру жұмысына ішкі істер органдары да атсалыуы қажет.